ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бұрынғы директоры Еркін Тұқымов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылдың 16 маусымында Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған ресми ақпаратта былай делінген:
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалды.