"Қазгидромет" РМК мамандары республикамыз бойынша алдағы жексенбі, 2025 жылы 15 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің айтуынша, республикамыздың басым бөлігінегі ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер қозғалысы анықтайтын болады.

"Осыған байланысты елімізде найзағай ойнап, бұршақ түседі, ал батыста, солтүстік-шығыста және шығыста нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі", — дейді "Қазгидромет" РМК.

Жалпы республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатады. Сондай-ақ, күндіз бірқатар аймақтарда аптап ыстық болады деп күтіледі. Сынап бағаны Жетісу және Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысында , Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында 35-40 градусқа дейін көтеріледі.

Аптап ыстық Ұлытау облысының батысында, сондай-ақ Қостанай өңірінің оңтүстігінде де күтіледі.

Осыған байланысты Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі болады деп күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарында, Атырау өңірінің шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау өңірінің солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарды 2025 жылғы 14-16 маусым аралығында ел аумағына екі циклон жүретінін ескерткен.