Атырауда ТЖД жедел-құтқару жасағының жаңа заманауи кешенінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Станция Жайық өзенінің жағасында орналасқан және соңғы техникалық стандарттар бойынша жабдықталған. Кешенге әкімшілік ғимарат, құтқару техникасына арналған ангар және кезекші ауысымда тәулік бойы тұруға арналған жатақхана кіреді.

Жаңа база құтқарушылар жұмысының тиімділігін едәуір арттырды. Ашылған сәттен бастап мамандар Жайық өзенінде күнделікті рейдтер мен патрульдеу жүргізуде, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша халық арасында профилактикалық жұмыстарды жүзеге асырады, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел ден қояды, — деп жазылған ТЖМ-ның ресми сайтында.

Жыл басынан бері Атырау облысы ТЖД құтқарушылары суда 163 рейд өткізді. Сүңгуірлік-іздестіру іс-шаралары аясында 3 адам, оның ішінде бір бала құтқарылды. Соның ішінде жаңа құтқару бөлімшесінің күшімен 2 адам, оның ішінде бала құтқарылған.

Жаңа станция құру судағы қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңызды қадам болды, кез келген төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Атырау облысы ТЖД оқиғалардың алдын алу және адам өмірін құтқару бойынша өз жұмысын жалғастырады.