Астананың Байқоңыр ауданында Алаш тасжолында жиналған қоқыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт орнына өрт сөндірушілер дереу келіп, жалынды сөндіруге кірісті.
Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнында түсірілген фотоларды жариялады.
"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр", — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда өртке оранған үйден ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған едік.