Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Әбужақынова әлем біріншілігінің 1/8 финалдық кезеңінде Бельгия өкілі Лои Петимен кездесті.
Отандасымыз белдесуді мерзімінен бұрын аяқтап, келесі кезеңге өтті.
Ширек финалдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.