Қазақстанда 6 шілде – Астана күні мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл күн ресми мерекелік демалыс күні болып саналады және биыл жексенбіге сәйкес келіп тұр.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, егер мереке демалыс күнімен сәйкес келсе, онда келесі жұмыс күні демалыс күні болып есептеледі. Яғни, 7 шілде, дүйсенбі – демалыс күні болады.

Осыған сәйкес, қазақстандықтар мынадай күндері демалады:

  • бес күндік жұмыс аптасында – қатарынан үш күн: 5, 6, 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
  • алты күндік жұмыс аптасында – қатарынан екі күн: 6 және 7 шілде (жексенбі, дүйсенбі).

Жалпы шілде айында:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні.

Астана күні елордаға 1998 жылы астана мәртебесі берілген кезден бастап аталып өтеді. 2006 жылдан бастап бұл мереке 6 шілдеге ауыстырылған.