Астанада көпқабатты үйлердің біріндегі лифтіде бойжеткен қалып қойды. Оқиға Тұран даңғылында орналасқан тұрғын кешендерінің бірінің 7-қабатында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы 112 қызметіне бойжеткеннің өзі хабарласып, құтқарушылардан көмек сұраған.
Шақырту орнына келген жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен кабинаның есігін ашып, 2004 жылы дүниеге келген жас қызды сыртқа алып шықты. Құтқару операциясы сәтті аяқталып, өтініш берушіге медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ кез келген төтенше жағдайларға байланысты қиын жағдайға тап болсаңыз, 112 нөміріне хабарласу қажеттігін еске салсады.