Петропавлдағы тергеу изоляторында отырған ер адам өзін өртеп , күйік алды.

Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тараған болатын. 37 жастағы күдікті аяғына дәретхана қағазын орап, өзін өртеп жібермек болған. Күйік алған ер адамға Петропавлда емдеу мекемелерінің бірінде жедел көмек көрсетілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.

– Петропавл қаласының тергеу изоляторында адам өлтірді деген күдікпен отырған ер адам өз-өзін өртеуге әрекет жасады. Қабылданған шаралар нәтижесінде өрттің алды алынды. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. Ер адаммен психолог жұмыс істейді. Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген ведомствоның ресми жауабында.