Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,59 теңгеге төмендеп, 507,80 теңге болды.
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 11 маусымда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,47 теңгеге дейін көтерілді (+0,03).
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,62 теңгені (-0,14) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 508-510,5 теңге, еуро 581-585 теңге, рубль 6,37-6,51 теңге аралығында сатылуда.