Илон Маск АҚШ президенті туралы кейінгі жазбалары үшін көпшілік алдында кешірім сұрады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Tesla және SpaceX негізін қалаушы мәлімдемелерінде тым артық кеткенін мойындады.

– Өткен аптада президент туралы жазған кейбір жазбаларыма өкінемін. Шектен шығып кетіппін, — деп жазды кәсіпкер X желісінде Дональд Трамптың аккаунтын белгілеп.