Ол АҚШ президентіне қатысты кейбір жазбасы үшін кешірім сұраған.
Бұл туралы Маск X парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, Tesla мен SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск бұған дейін әлеуметтік желіде Дональд Трамппен "Күніңіз жақсы өтсін, DJT!" деп сарказммен қоштасқан еді. Кейін оның желідегі парақшасын да жойып тастады.
Бұған дейін Маск пен Трамптың текетіресі екеуіне де жақсылық әкелмей тұрғанын, себебі қос танымал тұлға басқаратын компаниялардың акциялары бір-ақ күнде құлдырап кеткен еді.
Олардың арасындағы жанжал әуелі салық және бюджетке қатысты заң жобасынан кейін өрши түсті. Дональд Трамп аталған құжатты "керемет" деп бағаласа, Маск оны"сұмдық" деп сынады.
– Өткен аптада президент Трамп туралы жазған кейбір жазбама өкініш білдіремін. Олар шектен шығып кетті, – деп жазды Илон Маск.
Еске салайық, Трамп Маскқа деген пікірін Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесуде ашық айтқан-ды. Ал Маск Трампқа қатысты "мен болмасам, ол сайлауда жеңе алмас еді" деген мәлімдеп, көпшілікті өзіне қаратты.
Сондай-ақ, жаңа партия ашу туралы да сөз қозғап, Трамптың отставкаға кетуіне де үн қосты.