"Қазпошта" АҚ-ны осыған дейін "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған Бекежан Жәкеев басқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 11 маусымда Қазақстан ұлттық пошта желісі операторының Instagram парақшасынан белгілі болды:
Бекежан Искандарұлының құқық, қаржы және инвестиция салаларында 22 жылдық тәжірибесі бар. Ол банк және заң салаларында басқарушылық қызметтер атқарған. Бұған дейін "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ-тың басқарма төрағасының орынбасары болды.
Бекежан Жакеев Құқықтану академиясын, "Әділет" жоғары заң мектебін "Құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Еуразия гуманитарлық институтын (Астана қаласы) "Экономика және бизнес бакалавры" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы банк жүйесінде заңгер болып бастады. 2009-2024 жылдар аралығында әртүрлі уақытта экономиканың өндірістік, квазимемлекеттік және қаржы секторларында басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2024 жылдың басынан бастап "Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығының" Аппарат басшысы – Заң департаментінің және әкімшілік жұмысының директоры қызметін атқарды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ҚАЗПОШТА | QАZPOST | КАЗПОЧТА (@qazpost)
Жаңа тағайындалғанға дейін 2024 жылдың қыркүйегінен бастап "Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Әсел Жанасова 2022 жылғы 3 қазаннан бастап "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді. 2025 жылғы 8 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.