Жапонияда птерозаврдың жаңа түрінің қазба қалдықтары табылды. Бұл жаңалық палеонтологиялық жазбаларға деген көзқарасты өзгертеді , деп хабарлайды Zakon.kz.

Interesting Engineering басылымының жазуынша, Кюсю аралында птерозавр түрінің мойын омыртқасының бір бөлігі табылған. Ғалымдар бұл жануардың жалпы алғанда алты мойын омыртқасы болғанын анықтады.

Ғалымдардың айтуынша, птерозаврлар — ұшуды үйренген алғашқы омыртқалы динозаврлар тобы. Жапонияда мұндай олжалар өте сирек кездесетіндіктен, бұл жаңалық ерекше маңызға ие.

Палеонтологтар Nipponopterus mifunensis атты түрді алғаш рет 1990-жылдары Кумамото префектурасындағы Мифуне геологиялық қабатынан тапқан. Зерттеуге Қытай, Бразилия және Жапония ғалымдары қатысқан.

Зерттеушілер Кумамото университетінің ұсынған заманауи компьютерлік томография технологияларын және филогенетикалық талдауды қолданып, қазбаларды егжей-тегжейлі зерттеді.

Ғалымдар бұл қалдықтарды Azhdarchidae тұқымдасына жататын жаңа тұқым мен түр ретінде таныды.

Бұған дейін 8 маусымда күннің бетінде жойқын жарылыс болғаны хабарланған болатын.