Құтқарушылар қазақстандықтарға электросамокатты дұрыс қуаттамау және ережелерді сақтамау өртке әкелуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін қарапайым ережелерді ұсынды:
- тек түпнұсқадағы қуаттау құрылғысымен қуаттаңыз;
- қуаттау кезінде самокатты қараусыз қалдырмаңыз;
- жанғыш заттардың жанында қуаттамаңыз;
- зақымдалған аккумуляторды қолданбаңыз.
Бұған дейін Бұқтырма су қоймасында екі SUP-бордқа мінген төрт адамды ағыс алып кете жаздағанын жазғанбыз.