Шығыс Қазақстан облысында SUP-бордта сырғанаған төрт адамды ағыс алып кете жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО құтқарушыларына Жаңа Бұқтырма кентінің ауданындағы Бұқтырма су қоймасында екі SUP-бордқа мінген адамдарды жағадан ағыспен алып кететіні туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағаға 4 адамды жеткізді, оның екеуі – бала.
ТЖМ ескерту жасады:
- дауылды ауа-райында, сондай-ақ түнде жүзуге шықпаңыз;
- SUP-бордта, қайықтарда, катамарандарда құтқару кеудешелерінсіз болуға тыйым салынады;
- судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК әкімшілік жаза қарастырылған.