Синоптиктер ертең, 11 маусымда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 18 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының түнде оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз областың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облысытың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 11-13 маусымда облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 11-13 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада күннің екінші жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.