Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Елизавета Матвеева Нидерландтың Хенгело қаласында өткен халықаралық FBK Games турниріне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы биіктікке секіру сайысында ел намысын қорғады.
Ең үздік нәтижесі – 180 сантиметр. Бұл көрсеткіш Матвееваның жалпы есепте алтыншы орын алуына мүмкіндік берді.
Ал аустралиялық Николай Олислагерс (197 см) турнир жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені ямайкалық Ламара Дистин (190 см) жеңіп алды. Қола медаль Швеция өкілі Энгла Нильсонға бұйырды – 185 см.
Айта кетейік, жақында өткен Азия чемпионатында Елизавета Матвеева Қазақстан қоржынына күміс медаль салған болатын.