Әлемді өзінің ерекше даусымен бағындырған Димаш Құдайберген тек сахнада ғана емес, дүниежүзінің ірі қалаларының көшелерінде де танымал, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дәлел Лондонда түсірілген видео. Онда әнші түнгі қала көшелерімен серуендеп жүр, сол сәтте оны көріп қалған жанкүйерлер әншімен суретке түскісі келетін жеткізеді. Димаш та олардың сұранысын жерге тастамай, бәрімен суретке түсті.
Бейненің жазбасында: "Түнгі Лондон" деген жазу бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)
Бейнені әншінің оқырмандары жылы қабылдап, осындай сәтті өздеріне де тіледі.
- Түнде де жарқырып тұрған күн;
- Маған да осындай сәт бұйырсыншы;
- Мен осылардың орнында болсам ғой;
- Димашты Тараздың көшелерінде кездестіре алмаймын иә?!
- Қандай керемет!
Бұған дейін Майғазиевтің көпті ұлының тойын онлайн тамашалауға шақырғаны хабарланған болатын.