NASA спутниктері түсірген Канаданың солтүстік бөлігінің суреттері әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Zakon .kz.
Daily Mail басылымының ақпаратынша, көптеген адамдар бұрын рекурсивті аралдардың бар екенін білмеген – яғни, бір аралдың ішінде орналасқан басқа аралдар.
Спутник түсірген суреттен ұзындығы 300 метрден сәл асатын шағын аралды көруге болады. Бұл арал – атауы жоқ шағын көлдің ішінде орналасқан. Ал бұл көл – одан да үлкенірек бір аралдың ішінде орналасқан.
Ал сол үлкен аралдың өзі ұзындығы 90 шақырымдық аралдың ішінде орналасқан. Бұл Виктория аралының жағалауына жақын жерде орналасқан, Жер шарындағы ең ірі аралдардың бірі. Виктория аралы – әлем бойынша көлемі жағынан сегізінші орындағы арал.