Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария Президенті Румен Радевтің келіссөздері аяқталғаннан кейін қол қойылған екіжақты құжаттармен алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарды алмасу рәсімі өтті:
1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Болгария Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Астана мен София қалалары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
3. Шымкент және Пловдив қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
5. "Қазақстанның сыртқы сауда палатасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Болгарияның сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Қазақстанның Еуропадағы ең маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын, бұл елмен терең саяси және экономикалық байланыстар бар екенін айтты.