SpaceX пен Tesla компанияларының негізін қалаған американдық миллиардер Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамппен болған жария қақтығыстан кейін алғаш рет оны қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында ол Трамптың Калифорния губернаторы мен Лос-Анджелес мэрінен өз қателіктері үшін, соның ішінде жалғасып жатқан наразылықтар үшін, америкалықтардан кешірім сұрауды талап еткен жазбасын жариялады.
pic.twitter.com/1keU3EnfnH
— Elon Musk (@elonmusk) June 9, 2025
Сонымен қатар, Маск Трамптың Лос-Анджелесте қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін құқық қорғау органдарына тапсырма бергені туралы жазбасының скриншотын да репост жасады. Бұл жазбаны ол екі америкалық тумен бірге жариялады.
Бұған дейін Трамппен ашықтан ашық араздасқан Илон Маск бір күнде 34 млрд доллар ақшасынан қағылғанын жазғанбыз. Өз жазбасында миллиардер "Эпштейн файлдары" туралы іске Трамптың қатысы барын айтқан. Дегенмен, көп ұзамай жазба өшірілді.
Сондай-ақ, Дональд Трамптың әкімшілігі Лос-Анджелестегі наразылықтарды басу үшін Ұлттық гвардияның екі мың сарбазын жібергендігін жаздық.