Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған жергілікті тұрғынды ұстады.
Ол кәсіпкерді қорқытып, одан ірі көлемдегі қаражатты талап етті деген күдікке ілінді.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ақшаның 2 миллион теңге көлеміндегі алғашқы бөлігін алған сәтте қолға түсті.
Тергеу барысында ол кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп, жалпы 7 миллион теңге талап еткені анықталды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.