2025 жылғы 8 маусымда Алматы халықаралық әуежайы жоғалған және талап етілмеген жүктің сатылымы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, желіде әуежайдағы жоғалған жүктердің арзан бағада сатылатындығы туралы ақпарат тараған болатын.
"Әлеуметтік желілерде таралып жатқан жоғалған чемодандардың сатылымы туралы ақпаратқа байланысты Алматы халықаралық әуежайы бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Алматы әуежайы мұндай акциялар мен аукциондар өткізбейді. Абай болыңыздар, алаяқтардан сақтаныңыздар!" – делінген ақпаратта.
Бұған дейін Telegram-да қазақстандықтардың жеке ақпаратын саудалайтын топ жұмыс істегенін жазған болатынбыз.