"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік- шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматыда күндіз найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.