Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптық сында өнер көрсетіп, "Ролан Гаррос–2025" турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалда олар әлемнің екінші ракеткалары – италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолинимен кездесіп, 2 сағат 15 минутқа созылған матчта үш сет қорытындысы бойынша қарсыластарына жол берді – 4:6, 6:2, 1:6.
Нәтижесінде италиялық жұп турнир жеңімпазы атанды.
Анна Данилина үшін бұл – "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі үшінші финал. Ол 2022 жылы Australian Open турнирінің финалында ойнаса, 2023 жылы US Open турнирінде микст санатында чемпион атанған еді.