Ақмола облысында ер адам трактор дөңгелегі астына түсіп, қаза тапты. Қайғылы оқиға 6 маусымда Державинск қаласының маңындағы жол бойында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүріп келе жатқан Lunking маркалы тракторда екі адам болған.
"Кабинада тек бір орын қарастырылғанына қарамастан, екіншісі оған мінгесіп алған. Қозғалыс кезінде екінші адам тепе-теңдікті сақтай алмай, трактордың артқы дөңгелегінің астында қарай құлаған", — деді құқық қорғау органдары.
Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.
Жүргізушіден алкоголь тұтыну белгілері анықталмады. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі, яғни "Көлік құралын басқарған адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
2025 жылғы 2 маусымда кешке Астанада автобус апатқа ұшырады. Зардап шеккендердің арасында болған мектеп оқушысы аяғынан айырылды.