2025 жылы 5 маусымда түнгі аспанда кетіп бара жатқан ұзын-сонар жарық беймәлім нысан пайда болды. Оны еліміздің әр өңірінің тұрғыны байқап, әлеуметтік желіде түсірген видеоларымен бөлісуде. Осы жайтқа қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі аспанда белгісіз нысандардың пайда болуына қатысты ақпараттың таралуына байланысты төмендегіні хабарлайды:

"Қазақстан Республикасы аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді. Азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды сұраймыз. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қажет болған жағдайда ресми түсініктеме береді".

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

Бұған дейін 2025 жылы 24 наурызда Челябинскіде ірі метеорит құлағаны хабарланған.