Қарағанды облысында құтқарушылар тереңдігі 3 метр болатын ашық жатқан құдыққа құлап кетіп, әйелге көмекке келді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ-ның мәліметінше, құтқару операциясы Абай қаласының үшінші шағын ауданында жүргізілген. 1974 жылы туған әйел тереңдігі 3 метр болатын ашық жатқан құдыққа түсіп кетіп, өз бетінше шыға алмаған.
"ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел түрде келіп, баспалдақ орнатып, құлаған әйелді жоғарыға шығарды. Зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды", — делінген хабарламада.
Осындай жағдайларды болдырмау үшін құдық қақпақпен жабылған. ТЖМ өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласуды сұрайды.