Бір күн бұрын Ақтау порты жанында сапбордпен жүзіп жүрген жасөспірімді Каспий теңізінің жартасты жағалауына қарай ағыспен алып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол жағажайдан шалғай жерде болып, шамамен 4 сағат бойы жағаға өз бетімен жетуге тырысты.
Оны "Теңіз жасағы" АҚ құтқару бөлімшесінің қызметкерлері байқап, жедел әрекет етіп, жасөспірімді жағаға жеткізіп, су ішкізіп, алғашқы көмек көрсетті.
Балаға медициналық көмек қажет болған жоқ.