Астана қаласының аумағында қоғамдық орындарда кальян және темекі өнімдерін тұтынуға қарсы күрес жалғасуда.
Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша 3461 азамат жауапқа тартылды.
Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі мейрамханаларда, дәмханаларда және басқа да қоғамдық тамақтану орындарында тіркелген.
Сарыарқа ауданы полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті кешкі және түнгі уақыттарда рейдтер жүргізіп, кальян ұсынатын және пайдаланатын мекемелерді анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Аталған бап бойынша қоғамдық орындарда темекі өнімдерін, оның ішінде кальян, вейп және электронды сигареттерді шегуге тыйым салынған.
Бұл норма тұрғындардың денсаулығын қорғау және қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
Жуырда өткізілген рейд барысында бірнеше дәмхана мен лаундж-бардакелушілердің кальян шеккені белгілі болды. Заң талаптарын бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту немесе айыппұл түріндегі жазақолданылды.
Сондай-ақ, заң бұзушылыққа жол берген мекеме иелеріне де ескерту жасалып, қайталап бұзған жағдайда қатаң шаралар қолданылатыны ескертілді. Полиция департаменті қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге ҚР заңнамасын сақтаудыңмаңыздылығын еске салады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мұндай рейдтер тұрақты түрде жалғасады. Полиция департаменті қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында осындай рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады.