2 маусымда кешке елордадағы Самал ықшам ауданында жол апаты болды. Жолаушылар таситын автобус электр бағанына соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға куәгерлері апат орнынан түсірілген видеолар және фотосуреттермен желіде бөлісе бастады: автобустың алдыңғы бөлігі қатты зақымданған, жедел жәрдем көлігі қасында тұр.
Апат кезінде автобуста жолаушылар болғаны белгілі болды. Зардап шеккендердің нақты саны, әзірге белгісіз. Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Zakon.kz сайтына зардап шеккендердің бірін ауруханаға апара жатқанын, дәрігерлер тексеру жүргізіп жатқанын, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін хабарлады. Нақты саны кейінірек хабарланатыны нақтыланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)
Бұған дейін Алматы облысында КАМАЗ-дың тіркемесі ажырап кетіп, жаппай жол апаты болғаны, төрт адам қаза тапқаны хабарланған.