Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына қонғанға дейін Ресей президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.
Ұшақ трапының алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.
Владимир Путин мен ресми делегация мүшелеріне екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар, Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының барабаншылары қошемет көрсетті.
Одан кейін Қазақстан мен Ресей туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті.