1 маусымнан бастап Ресейде автокөлікпен тауар жеткізу кезінде күтуді растау жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстанның Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Жаңа тәртіп бойынша жүк жөнелтушілер 1 маусымға дейін жеткізілім туралы мәліметті алдын ала тіркеп, арнайы құжат рәсімдеп, QR-код алуы қажет.
Бұл мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында өткен кеңесте талқыланды. Федералдық кеден қызметі жүйені кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр.
Департамент мәліметінше, Ресейдегі алушы QR-кодын алдын ала рәсімдеуі міндетті.
- QR-код жүргізушіде болуы тиіс — басып шығарылған немесе электронды түрде;
- QR-код жоқ болса, кіруге тиым салынады және көлік қайтарылады;
- Кодтағы деректерді тауар құжаттарымен салыстырып тексеру қажет.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз