2026 жылғы 26 мамыр күні таңертең Жетісу облысындағы Қаратал өзенінен бұрын хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр.
Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұм баланың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз және кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмаңыздар. Үлкендердің қамқорлығы мен қырағылығы қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі", – деп үндеу жасады полиция өкілдері.
Бұған дейін Алматыда із-түссіз жоғалған жігіттің денесі қала маңындағы көлден табылғанын жазғанбыз.