Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұл туралы 2026 жылы 26 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге үлес қосқаны үшін Чжао Лэцзиді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады".
Кездесу, Астана, Қасым-Жомарт Тоқаев, Чжао Лэцзи , сурет — Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 18:22

Бұған дейін Мемлекет басшысы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасын қабылдағаны хабарланған.