Елордада Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысқа қатысы бар 23 жастағы азаматты қолға түсірді.


Ол өзін жер телімін сатумен айналысатын адам ретінде таныстырып, жәбірленушіні сеніміне кіріп, ірі көлемде ақша қаражатын иемденген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жәбірленушіге басқа қаладан жер телімін тиімді бағада рәсімдеп беруге уәде берген.

Алайда уәде орындалмай, алынған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған. Нәтижесінде жәбірленушіге 2 млн 500 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полиция азаматтарды алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Құжаттарды рәсімдеу және азаматтық алу мәселелері бойынша тек ресми мемлекеттік органдарға жүгіну қажет екенін ескертеді.