Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындарына 25-29 мамыр аралығында қала аспанында әскери техника ұшатынын, ал кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелетінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
"Ресей Федерациясы президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске дайындық және оларды өткізу аясында, 2026 жылғы 25-29 мамыр аралығында Астана көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі", — делінген хабарламада.
Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.
Сонымен қатар сол күндері Астана аспанында ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.
Қызмет өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан осы маңызды халықаралық іс-шара кезінде қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.
Еске сала кетейік, 27 мамырда Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз