Полиция жаңа туған баланы тастап кеткен ананы іздестіріп жатыр.


Ақтөбеде қоқыстағы пакеттен жаңа туған сәби табылды. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, табылған сәби тірі болған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары жаңа туған баланы дереу медициналық мекемеге жеткізген.

Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің бақылауында.

"Қазіргі таңда сәби медициналық мекемеде жатыр. Полиция баланың анасын анықтауға бағытталған жедел іс-шараларды жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Оқи отырыңыз: "Телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген". Ақтөбеде шетелдік студенттерді бопсалаған ер адам ұсталды