Астана қаласы Сарайшық ауданында, Қошқарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимаратында жертөледегі электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, хабарлама түскеннен кейін 2 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті.
"Қауіпсіздік мақсатында персонал мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды. Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды",- делінген ақпаратта.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)
Бұған дейін Рудныйда өртенген көпқабатты тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланғанын жазғанбыз.