Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Албанияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Албанияда шағын футболдан өтіп жатқан Socca European Championships жарысының жартылай финалында Қазақстан құрамасы мажарлықтарды ұтып кетті, деп жазады sportarena.kz.

Бірінші таймда қазақстандықтар екі доп салды. Гол авторлары — Темірлан Әділов пен Диас Егінжанов.

Үзілістен кейін қазақстандық команда 2:0 ұпай түріндегі артықшылығын сақтап қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы финалға жолдама алып, Сербия — Испания кездесуінің жеңімпазымен шешуші ойын өткізеді.

Бұл матч Астана уақыты бойынша бүгін, 24 мамырда сағат 23.00-де басталады.

Бұған дейін Эмиль Ахмеджанов Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанғанын жазғанбыз.