Украиналық кәсіпқой боксшы Александр Усик нидерландиялық Рико Верхувенді жеңіп, чемпиондық титулдарын қорғап қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ауыр салмақтағы (90,7 килограмнан жоғары) боксшылар арасындағы жекпе-жек Гизадағы Мысыр пирамидаларының жанында орналасқан аренада өтті.

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. 11-раундтың соңында украиналық боксшы Верхувенді нокдаунға түсірді. Верхувен жекпе-жекті жалғастыра алды, бірақ Усик бірнеше рет соққылар сериясын жасады. Рефери дәл гонг соғылған кезде жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаутты тіркеді.

39 жастағы Усик ауыр салмақта WBC, WBA және The Ring титулдарын қорғады. Сондай-ақ ол IBF белбеуінің иегері. Кәсіпқой бокста украиналық спортшы 25 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетті (16-сы нокаутпен).

Верхувен кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізді. Ол 2014 жылы дебют жасап, нокаутпен жеңіске жеткен болатын. 37 жастағы нидерландиялық спортшы — титулдық кикбоксшы әрі ірі Glory промоушенінің чемпионы.

DAZN сервисінің желі парақшаларында жекпе-жектің аяқталар сәтінен видео жарияланды.

ABSOLUTE CHAOS USYK STOPS RICO!!!#UsykRico pic.twitter.com/3OHnaXPUv5

— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) May 24, 2026

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз