Кенесары көшесінің Ш. Уалиханов көшесінен М. Ғабдуллин көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты, елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 24 пен 26 мамыр күндері көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", делінген хабарламада.
Бұған дейін Астанада үлкен даңғылдар жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын жазғанбыз.