Туризм және спорт министрі 2026 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесіне және оларды қаржыландыру тәртібіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі жаңа редакцияда бекітілді.
Оның құрамына 67 спорт түрі енгізілді: олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлері, соның ішінде:
- ат спорты;
- ату спорт түрлері;
- ауыр атлетика;
- велосипед спорт түрлері;
- гимнастика түрлері;
- гольф, дзюдо және басқа да күрес түрлері;
- есу спорт түрлері;
- жеңіл атлетика;
- садақ ату;
- альпинизм (скалолазание);
- теннис;
- триатлон;
- футбол;
- коньки спорт түрлері;
- шаңғы спорт түрлері;
- би спорты;
- бодибилдинг;
- киберспорт;
- шахмат және т.б.
Бұйрық 2026 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.