ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ АЙТУ ОҢАЙ. АЛ ОНЫҢ АРТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМДЫ ТҮСІНУ ҚИЫН!
Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім беру жүйесіне Жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлық шығарғалы бері әлеуметтік желіде ЖИ туралы сөйлейтіндер күрт көбейді.
Бірақ көпшілігі ЖИ-ді әлі де “инструмент” деңгейінде ғана түсіндіреді.
Шын мәнінде, Жасанды интеллект – адамзат интеллектісінің миллиардтаған ғылыми ізденістерден кейінгі жаңа эволюциялық кезеңі.
Адам баласы өзінің интеллектілік мүмкіндігінің шегіне жақындағанда, өмірге Жасанды интеллект келді.
Ол:
– мәтін жазады;
– сурет салады;
– видео жасайды;
– талдайды;
– сөйлейді;
– үйретеді;
– тіпті адамның ойлау логикасын модельдей бастады.
Бірақ ең қауіпті мәселе басқа жерде.
Қазақстанда ЖИ туралы ең көп талап қойылатын орта – мұғалімдер.
Ал біз мұғалімнің шынайы әлеуметтік жағдайын түсіндік пе?
Қазақстандағы педагогтердің басым бөлігі – әйелдер.
Олардың мойнында:
– сабақ;
– қағаз;
– есеп;
– аттестация;
– үй;
– бала;
– ас;
– дүкен;
– отбасы;
– психологиялық салмақ.
Осындай жағдайда жүрген мұғалімнен:
“ЖИ-ді тез меңгер!
Контент жаса!
Цифрлан!
Инновация енгіз!”
деп талап ету оңай.
Бірақ мемлекет пен қоғам педагогке ЖИ-ді меңгеруге уақыт, орта, ғылыми қолдау және интеллектуалдық экожүйе жасап берді ме?
Мәселенің түбі осында.
Бір кезде мұғалімдерге 1–2 беттік эссе жазуды міндеттегенде, жүйе ішінде қарсылықтың қандай болғанын ұмытқан жоқпыз.
Ал қазір біз одан әлдеқайда күрделі құбылыс – Жасанды интеллект дәуіріне кіріп барамыз.
Тағы бір маңызды мәселе.
Біз “ЖИ педагогті алмастырмайды” деп көп айтамыз.
Мен бұған жартылай келісемін.
Себебі мен жалпы ЖИ-мен емес, Педагогикалық жасанды интеллектпен (ПедЖИ) айналысамын.
Бұл – мүлде басқа деңгей.
ПедЖИ:
– педагог сценарийімен жұмыс істейді;
– онлайн сабақ жүргізе алады;
– түсіндіреді;
– сүйемелдейді;
– тексереді;
– гипермультимедиа ортада оқушыны бағыттайды.
Яғни болашақта педагогтің бірқатар функциясын өзіне алады.
Ал педагог:
– практикаға;
– тәрбиелеуге;
– офлайн қарым-қатынасқа;
– зерттеуге;
– тұлға қалыптастыруға көбірек уақыт бөледі.
Бұл – педагогті жою емес.
Бұл – педагог еңбегінің жаңа архитектурасы.
Өкінішке қарай, Қазақстанда ЖОО-лардың болашағы, цифрлық педагогика және Педагогикалық ЖИ туралы ашық әрі терең ғылыми пікірталас әлі қалыптасқан жоқ.
Көп жерде үнсіздік.
Орысша айтқанда: “тихое болото”.
Ал уақыт күтіп тұрмайды.
Пікір жазып отырған:
Педагогикалық ЖИ авторы, Кеңес дәуірінің ғалымы, Ресей профессоры Егізбай Сақпанов.