АҚШ Соғысты зерттеу институты Путинді әбден зерттеген. Оның дәл «психологиялық портретін» анықтап, бүкіл АҚШтың Еуропа мен Украинаға қатысты саясатын өте мұқият, дәл жүргізуде...
Еуроодақпен ренжіскендей кейіп танытады... Путинді «жақсы жігіт, мен оны білемін» деп үнемі айта береді...
(Сол арада, Украина мен Еуропа АҚШтың технологиялық көмегімен өздерінің Әскери өндірісін дамыта түседі).
Трамп Украина президенті Зеленскийді «нашар жігіт» деп анда-санда айтып қоюды да ұмытпайды — ол Путинге бұл сөздің ұнайтынын біледі...
Ал, Зеленскийді «Трамп пен Путиннің өзара ұнау‑ұнамауы» еш қызықтырмайтын сияқты...
Ол Украинаның әскери өндірісін жолға қойып, өздері дрондар мен ракеталар шығара бастағаннан‑ақ, «Бізге Еуропалық әскери қорғаныс альянсын құру керек. Оның алдыңғы қатарында Ұлыбритания, Франция, Германия, Норвегия және Украина тұруы тиіс» деп ашық айта бастады. Еуропа мемлекеттері де оны қолдауда. Бұл – Трампты «ойыннан тыс қалдыру» амалы.
Осыған «өкпелеген» Трамп та кінәмшыл болып алды: «Мен Еуропадан әскерімді әкетемін» деп қиғылық салды.
Әкетсе әкете берсін ‑ өзі ғой алдында «НАТО‑ға мүше еуропалық елдердің әскери бюджетін ЖІӨ бес пайызына дейін көтеріңдер. АҚШ бар шығынды өз мойнына алуды тоқтатады» деп қырсықтық танытып, Еуропаны қару‑жарақ өндірісін ұлғайтуға итермелеген...
Сонымен, «АҚШ көмегін тоқтатты» деген қауесетке сенген Путин соғысты одан әрі жалғастыруда...
(Ал, қара басын ойлаған Ресей министрлері Путинге «бізде бәрі жақсы» деп есеп беруін тоқтатқан жоқ...).
Бірақ, бұл ойынның да түбі көрінді:
Енді АҚШтан бірқатар Еуропа мемлекеттерінің қатысуымен «Украина үшін» деп «томогавк» алыстан атқыш ракеталарын сатуға рұқсатын беріп жатыр...
Міне, осыған дейін осылай болып келді:
Трамп белгісіз уақытқа «Ресей мұнайына санкцияларды тоқтатамын» деп жариялады. Ресей оған қуанып, «бірнеше триллион бюджет тапшылығын жоятын болдық» деп үміттеніп қалып еді...
Бірақ оның жолын Украина кесіп тастады: Туапсені атқылады, Усть Луга мен Приморск порттарын істен шығарды. Ресейдің экспорт мүмкіндігі азайып кетті...
Бірақ, бұл ойын да ұзаққа созылмады: АҚШ Ресей мұнайына санкцияны қайта күшіне енгізді. Онымен қоса, Трамп өзіне дейін Байденнің салған санкцияларының біреуін де алып тастаған жоқ –күшінде қалуда! Трамп тек «сөзге шебер» екен...
Өйткені, олардың зерттеу институты Трампқа «Ресей экономикасы соғыста жеңе алмайтын жағдайға дейін құлдырады. Енді Украина Ресейден жеңілмейді» деп есеп беріп қойған болар, бәлкім...
Сол себепті де Трамп Зеленскийге «Донбасты бере салсашы» деп айтып қояды — Украина бермейтінін біледі...
Өйткені, Трамп Ресейдің Украина территориясын аннекциялауы Халықаралық заң нормаларына қайшы екенін, тәуелсіз Украинаның қазіргі территориясы БҰҰ тарапынан мойындалғанын, ал, Ресейдің Донецк және Луганскіде соғыс жағдайында өткізген «референдумының» заңдық күші жоқтығын, сонымен қатар, Ресейдің ол территорияларды өз Конституциясына «өзгерістер енгізу» арқылы Ресей құрамына қосуының заңдық күші жоқ екенін де біледі.
Сөйтіп соғыс жалғасуда:
Украина жағынан — жоғарғы технологиялық, адам шығыны аз соғыс.
Ал, Ресей жағынан — ескірген тактикалық, адам шығыны мол соғыс...
Бұл — Ресейді кемі жарты ғасыр артқа тастайды...
Сөйтіп, қазіргі геосаяси географиядан Ресей ғасырларға кетеді.
Ол енді Еуроодақ, АҚШ, Қытай сияқты саяси ықпалды елдер қатарынан мәңгілікке шығып қалады...
Әрі қарай Әлемнің дамуы сол орталықтардың құзырына көшеді...
Міне, қорытынды нәтижеде "трамптың ойыны" осыған алып келеді...
Әбдірашит Бәкірұлы