Іс-шараға қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері, шаруалар, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен ғылым өкілдері қатысты. Форумның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және жаңа даму бағыттарын айқындау, деп хабарлайды Ерейментау ауданы әкімдігі.

Форум жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Медеу Әбжіков, аудан әкімінің орынбасары Талғат Кәрібжанов, Amanat партиясы өкілдері, депутаттар мен сала мамандары қатысты. Баяндамаларда агротехнологиялар, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, өсімдіктерді қорғау және ғылым мен тәжірибені ұштастыру мәселелері қозғалды.

Фото: Ерейментау ауданының әкімдігі
Форум
Фото: Ерейментау ауданының әкімдігі

Форум барысында Торғай ауылында Фермерлер үйін салу жоспарланғаны айтылды. Бұл орталық аудан кәсіпкерлерін біріктіріп, тәжірибе алмасу алаңына айналмақ. Сонымен қатар "Ауыл аманаты" бағдарламасы жан-жақты талқыланып, оған қызығушылық танытқан кәсіпкерлер көп болды.

Форум
Фото: Ерейментау ауданының әкімдігі

"Мұндай кездесулер ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беріп, Ерейментау ауданының әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді", — дейді Ерейментау ауданы әкімдігінің өкілдері.

Форум
Фото: Ерейментау ауданының әкімдігі

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз