Қазақстандық теннисшілердің аяқ алысы қандай деңгейде екені белгілі болды. Әйелдер теннис қауымдастығы мен кәсіби теннисшілер қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады. Нәтиже жаман емес. Мәселен ерлерден Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ден 24-ші орынға, Александр Шевченко 102-ден 90-шы сатыға көтерілді. Бұл жолы ерекше серпіліс жасаған Тимофей Скатов болды. Өткен аптада Италиядағы турнирде жеңімпаз болған ол бірден 115 сатыға жоғарылап, 308-ден 192-ге жайғасты. Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев 206-дан 191-ге жайғасып, Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды.

Әйелдер арасында Цинциннати турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Елена Рыбакина рейтингтегі 10-шы орынын сақтап қалды. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 46-дан 55-ке, Жібек Құламбаева 300-ден 317-ге төмендесе, Зарина Дияс 252-ден 240-қа шықты.

Асылбек Данияр