Израиль армиясы «Хезболла» қозғалысының Сириядағы жасағын басқарған командирінің көзін жойды.

Әскерилер бұған дейін оның Голан биіктіктеріне соққы жасауға дайындалып жүргенін мәлімдеген еді. Ливан тарапы бұл әрекетті елдің егемендігіне «қол сұғу» деп бағалады. Сонымен қатар Тель-Авивті бітім жөніндегі келісімді бұзды деп айыптап отыр. Қазір израильдік әскерилер Ливанның оңтүстігіндегі бес стратегиялық нүктеде орналасқан. Израиль тарапы соққылар тек «Хезболланың» әскери инфрақұрылымына бағытталғанын мәлімдеді. Аталған нысандар қатарында қару жасайтын цех пен қоймалар бар.