Финалдық кезең Жетісуда өтеді. Футболдан әуесқойлар лигасының бас жүлдесі сарапқа салынатын орын анықталды , деп хабарлайды 24kz.

Республикалық жарысты Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы қабылдайды. Айта кетейік, биыл Қазақстан футбол федерациясы әуесқойлар арасында үлкен футбол форматындағы, яғни, 11/11 форматындағы арнайы лиганы қолға алған болатын. Оның аясында еліміздің барлық аймағында іріктеу турнирлері өтіп жатыр. Жеңіске жеткен командалар, яғни, 20 өңірдің 20 жеңімпазы күзде Талдықорғанда бас қосады. Финалдық кезең 1-10 қазан аралығында болады деп жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Қостанай, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облыстары өз үздіктерін анықтап қойды. Қалған аймақтарда іріктеу жалғасып жатыр. Жалпы алғанда әуесқойлар лигасына биыл 268 команда тіркелді. Осы жүзедеген команда арасынан топ жарғаны алдағы маусымда кәсіпқой клубтар арасында Қазақстан чемпионатына және Қазақстан кубогына қатысуға мүмкіндік алады.