Талдықорғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал салынды. Көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасындағы суретте — түрлі этнос өкілдері, ұлттық ою өрнек және Ассамблеяның мерейтойына қатысты элементтер бар. Барлығына ортақ құндылықтар көрініс тапқан. Әсіресе кескіндемедегі «Жетісу — достық мекені» деген жазу алыстан көз тартады. Арт-нысан — қазақстандық жас суретшілер тобының туындысы. Жалпы, Жетісу облысында 70-тен астам ұлыс өкілі тату тұрып жатыр. Ұлттардың бір-біріне болмысы жақын, мәдениеті астарлас.
Даниэл Мурзов, суретші:
Бұл жай ғана қабырғадағы сурет емес. Ол татулықтың, бірліктің, халықтар достығының символы. Осындай арт-нысандар жастарға үлгі болса деймін. Өте жақсы бастама. Бірлігіміз жасасын.
Дамир Нұрмұхамет